Qayrat Nurtas (Қайрат Нұртас) - Zhubatuga Arnaladi Bul Enim (Жұбатуға арналады бұл әнім)

Tekst piosenki:


Сені есіме алмадым
Мені кешіре алмадың
Дейсің несіне алдадың
Тек үнсіз жанарыңменен

Кеттің асығып жырақ
Жаңбыр қосылып жылап
Қалдым кешірім сұрап
Əніммен

Жүрегімді ұстап тұрып,ұстап тұрып жыладым
Жанарыңның жасы болып,жасы болып құладым
Жүрегімді ұстап тұрып,ұстап тұрып жыладым
Жүрегіңді жұбатуға арналады бұл əнім

Өмір сынағанымен
Сынға құламадым мен
Сендей жылағаныммен
Болғансың енді сағым

Қайтып оралмасаң да
Түс боп кел анда-санда
Ашық саған қашан да
Құшағым

Жүрегімді ұстап тұрып,ұстап тұрып жыладым
Жанарыңның жасы болып,жасы болып құладым
Жүрегімді ұстап тұрып,ұстап тұрып жыладым
Жүрегіңді жұбатуға арналады бұл əнім